RU

Дәрігерлер науқас әйелдің сау бүйрегін алып тастады

Америкада науқас әйелдің омыртқасына ота жасап жатқан дәрігерлер сау бүйректі қатерлі ісік деп ойлап, алып тастаған. Бұл туралы Lenta сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: sonnikpro.com
Көрнекі фото: sonnikpro.com: UGC

Оқиға Флоридада болған. Онда өрескел қателік жіберген ақ халаттының үстінен арыз жазылыпты.

2016 жылы науқас әйел омыртқасына ота жасатуға келген. Сол кезде арқаның төменгі жағында дәрігер ісікке ұқсас белгісіз затты көріп, оны алып тастаған.

Араға төрт апта салып ол қатерлі ісік емес, сау бүйрек екені анықталыпты. Ал аталған дене мүшесі әйел туылғаннан бастап басқа жерде орналасқан екен.

Осы уақытқа дейін дәрігердің беделі жоғары болған. Оның адвокаты бұл іске әйелдің ерекшелегін ескертпеген аурухананы кінәлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761569-drigerler-naukas-jeldi-sau-bjregin-alyp-tastady.html