RU
Елеспен төсектес болған ару енді оған тұрмысқа шығатынын айтты
Жаңалықтар Әлемде

Елеспен төсектес болған ару енді оған тұрмысқа шығатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Британиялық Бристоль қаласының тұрғыны Аметист Рэлм өзінің елеспен атастырылғанын айтты. Бұл туралы Lenta сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр/ Bristol Live

Фото: Видеодан кадр/ Bristol Live

30 жастағы келіншектің айтуынша, ол елеспен Австралияға іс-сапармен барғанда танысқан.

"Бір күні қыдырып жүргенде ерекше энергия сезіндім. Мен қасымда жаңа жігіттің пайда болғанын түсіндім",- деді ол.

Осылайша Рэлм аруақ жігітпен достасып кетеді. Артынша еліне қайтпақ болған ол ұшақтан тағы да өз ғашығын көреді. Қатты қуанғаннан азаматша дәретханаға барып, елеспен жыныстық қатынасқа түседі.

Аметист пен елестің ара-қатынасы Ұлыбританияда да жалғасқан.

"Жақында маған көріпкел ғашығыммен өткен үш өмірде де бірге болғанымызды айтты", -дейді ару.

Алғашқы кездесуден соң тоғыз айдан кейін Аметист Сомерсетедегі Вуки-Хул үңгіріне қыдырып барады. Саяхат ортасында елес оған достарынан артта қалуды сұраған екен. Кейіннен ол аруды үңгірдің ішіне апарып, тұрмысқа шығуға ұсыныс жасайды. "Иә" деп жауап берген Рэлм енді үйлену тойын жоспарлап отырғанын айтады.

"Ол менің алдымда тізерлеп отырмады. Себебі, оның тізесі жоқ. Бірақ мен оның дауысын бірінші рет естідім",- деді ару.

Бойжеткен осы уақытқа дейін елеспен тек ой арқылы сөйлескенін айтқан. Ал басқа аруақтармен ол ыдыс-аяқты қимылдатып, суреттер салып, тағы да өзге әдістер арқылы тіл табысқан екен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
10
6
2
1
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel