RU

Іші пысқан зейнеткер мыңдаған ойыншықтарды ұрлап кетті

Полиция мыңдаған ойыншықтарды ұрлап кеткен 72 жастағы Париж тұрғынын қамауға алды. Бұл туралы Lenta сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: Михаил Воскресенский/ РИА Новости
Фото: Михаил Воскресенский/ РИА Новости: UGC

Кейуананың желіде сатып отырған ойыншықтарын өз иесі танып қойған. Артынша зейнеткердің үйін тінту барысында париждік дүкендердің бірінен алынған ойыншықтар табылған. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары қолма-қол 40 мың еуроны да тәркілеген екен.

Зейнеткер өзінің ұрлық жасағанын мойындап, оларлды "іш пысқаннан" сатып жүргенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761593-isi-pyskan-zejnetker-mydagan-ojynsyktardy-rlap-ketti.html