RU
Олимпиада боксының салмақ категориялары өзгеретін болды
Жаңалықтар Спорт

Олимпиада боксының салмақ категориялары өзгеретін болды

Рассказать Вконтакте

Мәскеуде өткен AIBA Конгресінде олимпиадада әйелдер салмақ санатының санын үштен беске дейін арттыру және ерлер санатын оннан сегізге дейін қысқарту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы olympic.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Фото: olympic.kz

Техникалық комиссияның басшысы Пэт Фиако хабарлағандай, Токиода ерлер 52, 57, 63, 69, 75, 81, 91 және 91 килограмнан артық салмақ дәрежесінде жұдырықтасады.

Ал әйелдер 51, 57, 60, 69 және 75 келі салмақта өнер көрсететін болады.

Сондай-ақ, конгресте төрешілердің шешіміне наразылық білдіру құқығын қайтару туралы шешім қабылдады. Фиаконың сөзінше, жарыс барысында әр құрамада екі наразылық беру құқығы болады.

Наразылық жазбаша түрде кездесу қорытындысы шыққаннан кейін 15 минут ішінде қабылданады. Ал оны арнайы қазылар алқасы қарап, түпкілікті шешім қабылдайтын болды. Бұл ретте наразылық білдіргені үшін команда 1000 доллар төлеуі тиіс екен. Ал наразылық әділ деп танылған жағдайда бұл соманың жартысы кері қайтарылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel