RU
Google қызметкерлері сексуалды зорлыққа қарсы ереуілге шықты
Жаңалықтар Әлемде

Google қызметкерлері сексуалды зорлыққа қарсы ереуілге шықты

Рассказать Вконтакте

Google қызметкерлері топ-менеджерлердің сексуалдық зорлықтарына қатысты компания саясатын ұнатпайтынын мәлімдеді. Шерулер Үндістанда, Сингапурда, Жапонияда, Лондонда, Берлинде және Цюрихте өтті. Бұл туралы rg.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: REUTERS/JEENAH MOON

Фото: REUTERS/JEENAH MOON

Бір жарым мыңдаған адамдар сексаулды зорлық-зомбылық танытқан тұлғаларға қатысты тергеу ісінің есептерін сұрады.

Ал компанияның бас директоры Сундар Пичаи ереуілге шыққандарға қолдау білдіріп, алдағы уақытта осы мәселені қарастыратынын айтты.

Айта кетейік, бұған дейін The New York Times газетінің журналистері 2014 және 2016 жылдары сексуалды зорлық көрсеткені үшін компаниядан кеткен Google-дың екі қызметкеріне 90 миллион доллар өтемақы төлегенін анықтаған еді.

Бұдан кейін корпорация басшысы екі жыл ішінде сексуалдық зорлықпен айыпталған 48 адам, оның ішінде 13 топ-менеджер жұмыстан босатылғанын мәлімдеген.

Пичаидің айтуынша, олардың ешқайсысы демалыс жәрдемақысын немесе өтемақы алмаған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
3
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel