RU
"Талдықорған аруы" байқауының қатысушысы ауыр дертпен күресуде
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

"Талдықорған аруы" байқауының қатысушысы ауыр дертпен күресуде

Рассказать Вконтакте

31 жастағы Ғалия Бөлекбаева халықтан жанұшыра көмек сұрауда. Ауыр дертпен күресіп жатқан әйелге тез арада бүйрек трансплантациясы қажет. Алайда әлі күнге дейін донор табылмаған. Тіпті науқастың отаға да қаржысы жоқ деп хабарлайды "NewTimes.kz"- ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: 1obl.ru

Көрнекі фото: 1obl.ru

2003 жылдан бері қант диабетімен ауыратын Ғалияның 2015 жылы бір бүйрегін алып тастаған. Ал кейін екіншісі де сыр бере бастаған. Қазір ауруы асқынған әйелдің өздігінен жүріп-тұруы тіпті, қиындаған себебі дерті жанын жегідей жеуде.

Ғалияның ата-анасы қызына көмектесуге шамасы жоқ себебі өздері қаржылық қиындықта қалған. Ал күйеуі осыдан үш жыл бұрын яғни бірінші отадан кейін-ақ ажырасуға арыз беріп, кетіп қалған екен. Содан бері Ғалия оның қайда екенін білмейді.

Ғалия дертіне дейін кәсіби түрде ән айтып, филармонияда жұмыс істеген. Сонымен қатар "Талдықорған — 2010" сұлулық байқауының қатысушысы болған.

Алайда кезінде белсенді болған әйел қазір тіпті өмір сүргісі келмейтінін айтады.

"Өтініш мені жай ғана ұйықтата салыңыздаршы. Шаршадым. Итті ұйықтатқандай. Үйде жатып, қиналып кеттім", - деген Ғалия жомарт жандардан көмек сұрады.
"Менің өмір сүргім келеді. Қайта сахғана шығып, ән айтып, билегім келеді. Көмектесіңіздерші", - деп сөзін түйіндеді ол.

Қазір Ғалия Бөлекбаеваға B ||| RV + қан тобындағы бүйрек доноры мен отаға 2 млн теңге көлемінде қаржылай көмек қажет.

Ғалияға көмек қолын созам деген жандар үшін: Реквизиттері: Qiwi кошелек: +7 775 229 10 29, Qazkom: 4003 0327 7068 3730.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
11
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel