RU

Жәнібек Әлімханұлы өзіне қолдау білдірген қазақ еліне алғысын айтты (фото, видео)

Кәсіби бокстағы төртінші жеңісіне қол жеткізген Жәнібек Әлімханұлы өзіне қолдау білдірген барша қазақ еліне алғысын айтып, жекпе-жектен кейінгі әсерімен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

"Жекпе-жекті аяқтадық. Көңіл-күйім тамаша. Бәрі ойдағыдай өтті. Жаттықтырушылар мен бапкерлердің айтқанын істеп, өзімді рингте сенімді сезіндім. Төртінші жекпе-жегімде осындай мықты қарсыласпен шығып жатқаныма өте қуаныштымын. Мен үшін бұл үлкен тәжірибе. Алдағы уақытта бұдан да мықты қарсыластар шығып, өзіміздің, қазақ стилінің мықты екенімізді дәлелдейміз", - деген боксшы барша жұртқа алғысын айтты.

Еске сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы АҚШ-тың Техас штатындағы Эль-Пасо қаласында өткен бокс кешінде америкалық қарсыласы Вон Александерды жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761615-znibek-limhanly-zine-koldau-bildirgen-kazak-eline-algysyn-ajtty-foto-video.html