RU
Голливудтық фильмдерде ойнаған қазақстандық актер қайтыс болды (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Голливудтық фильмдерде ойнаған қазақстандық актер қайтыс болды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық каскадер Қасым Жұмағожин 34 жасында өмірден озды. Әзірге актердің өліміне не себеп болғаны белгісіз деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: nomadstunts.com

Фото: nomadstunts.com

Голливудтық фильмдерде ойнаған актердің өлімі жайлы қаралы хабар Facebook-тегі Қазақ мемлекеттік циркінің ресми парақшасында жарияланды.

Танымал циркі әртісі өртену, құзға шығу, биіктен құлау (10 метрден жоғары), садақ ату, найза лақтыру сынды каскадерлік трюктарды орындайтын болған.

Сондай-ақ, спорттық гимнастикадан спорт шебері таэквондо және жүзумен айналысқан.

Ал Ижевск қаласында өткен цирк өнері халықаралық байқауында актер "Алтын аю" сыйлығының иегері атанған.

Еңбек жолын 2005 жылы "Көшпенділер" фильмінен бастаған Қасым сол жылы Тимур Бекмамбетовтың "Дневной дозор" фильміне де түседі.

Танымал каскадер отандық кинолардан бөлек, голливудтық актерлармен жұмыс істеп, олардың орнына ең қауіпті трюктарды орындаған.

Қасым Жұмағожин Сильвестр Сталлоне, Джейсон Стэйтем, Дольф Лундгрен, Жан-Клод Ван Дамм, Чак Норрис, Арнольд Шварценеггер ойнаған "Неудержимые-2" фильміне қатысқан.

Актердің соңғы түскен туындылардың арасында "Балуан Шолақ", "Тобол", "Викинг", "Анаға апарар жол" сынды тағы басқа көптеген фильмдер бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel