RU
Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы-Бішкек тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматы-Бішкек тас жолында жаппай жол апаты болды. Оқиғадан үш адам зардап шеккен деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото : Zakon.kz

Фото : Zakon.kz

Порталдың мәліметінше, оқиға көлік жуу тұрағынан басталған. Mercedes Е-190 көлігін тізгіндеген жүргізуші көлік жуу орнынан шыға бере Toyota ED.һ-ге соқтығысқан.

Жол апаты жеңіл болғанына қарамастан кінәлі жүргізуші оқиға орнынан бой тасаламақ болып, қатты жылдамдықпен тас жолға шығады.

Белгісіз себеппен Mercedes Е-190 тізгініндегі ер адам тағы бір Toyota Prado көлігімен соқтығысады. Салдарынан темір тұлпарын басқара алмай қалған Mercedes жүргізуші қарсы бағытқа шығып, Mazda 626 артынан келіп соққан. Осыдан кейін Mercedes Е-190 Chevrolet Cobalt бетпе-бет соқтығысады.

Соңғы көліктің соққы ауыр болғаны соншалық Mercedes тас жолдан ұшып кетіп, аударылып қалған.

Жантүршігерлік жол апатынан Toyota Prado-ның жүргізушісі мен жолаушысы, сонымен қатар Chevrolet-тің жүргізушісі ауыр жараланған.

Олардың барлығы ауруханаға жеткізілген. Ал жол апатына кінәлі тұлғаның тағдыры белгісіз.

Фото : Zakon.kz

Фото : Zakon.kz

Фото : Zakon.kz

Фото : Zakon.kz

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Фото: zakon.kz

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel