RU
Ел жүлде күткен Нижат Рахимов әлем чемпионатын сегізінші орынмен аяқтады
Жаңалықтар Спорт

Ел жүлде күткен Нижат Рахимов әлем чемпионатын сегізінші орынмен аяқтады

Рассказать Вконтакте

Ауыр атлетикадан Түркіменстан астанасы Ашхабадта өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Нижат Рахимов ел қоржынына жүлде сала алмады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі

Фото: Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі

Олимпиада чемпионы 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен.

Нижат жұлқа көтеруде 147 келіге тапсырыс беріп, бірінші ретте мүлт кетсе, екінші мүмкіндігін сәтті пайдаланып, 147 келіні көтерген. Ал үшінші ретте ауыр атлет 152 келіні бағындыра алмады.

Серпе көтеруде спортшы 185 келіге тапсырыс беріп, оны ырқына көндірсе, екінші кезекте 190 келіні бағындырды. Ал үшінші мүмкіндігін пайдаланған жоқ. Осылайша отандасамыз жарысты сегізінші орынмен аяқтаған.

Айта кетейік, әлем чемпионы атағы қытайлық ауыр атлетке бұйырды.

Еске сала кетейік, күні кеше Қазақстан құрамасының қоржынына Арли Чонтей күміс жүлде салса, Зульфия Чиншанло әлем чемпионатында жүлдесіз қалып, жарысты бесінші орынмен аяқтаған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
1
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel