RU

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде жауын жауып, тек елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түседі деп күтілуде. Сондай-ақ, көктайғақ және бұрқасын болады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Ауа райы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі
Көрнекі фото: baq.kz: UGC

Ақмола облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге, кей жерлерде екпіні 23-28 метрге дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей бөліктерінде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Түнде желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Жамбыл, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761688-aua-rajy-bgin-elimizdi-basym-bliginde-zel-ksejip-tman-tsedi.html