RU
Күдікті әйелдерді шешіндіріп, қорлаған милиция сот алдына келді
Жаңалықтар Әлемде

Күдікті әйелдерді шешіндіріп, қорлаған милиция сот алдына келді

Рассказать Вконтакте

Самарқанда Каттакурган өңірінде күдікті әйелдерді бөлімшеге әкеліп әбден қорлаған бұрынғы тәртіп сақшысының үстінен қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Centralasian.org.

Күдікті әйелдерді шешіндіріп, қорлаған милиция сот алдына келді

Көрнекі фото: centre1.com

Сот алдында жауапқа тартылып жатқан Санат Умаров есімді азамат милиция болып қызмет атқарған.

Биыл жазда ол ұрлық жасады деп күдіктелген екі әйелді тыр жалаңаш шешіндіріп, видеоға түсіріп алыпты.

Кейін аталмыш видеоны құқық қорғау органдарында жұмыс істейтін әріптесі БАҚ өкілдеріне жіберген.

Ол күдікті әйелдерден ақша табылмаған соң, ешбір құжат толтырмастан, босатып жібергенін алға тартады.

Оның сөзі расталып, ұсталған әйелдер туралы ақпарат тіркеу кітапшасына жазылмаған болып шығады.

Кейін жаға ұстатарлық видео желіге тарап кеткен соң, Санат Умаров қызметінен алынған.

Сот оның үстінен "қызметін асыра пайдаланды" деген күдікпен қылмыстық іс қозғады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
6
0
0
0
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel