RU
Өскеменде қарызы бар адамдарды "ұстап алатын" бағдаршам пайда болды
Жаңалықтар Қоғам

Өскеменде қарызы бар адамдарды "ұстап алатын" бағдаршам пайда болды

Рассказать Вконтакте

Өскемен көшелеріне Ішкі істер министрлігінің базасына қосылған, жаяу жүргіншілерге арналған, камерасы бар бағдаршам орнатылды. Сондай-ақ, ол қарызы бар адамдарды, құқық бұзушылар мен іздеуде жүрген қылмыскерлерді анықтайды деп хабарлайды Алтайньюс.

crtcvty9

Көрнекі фото: kaz.altaynews.kz

Полиция департаменті әзірге ақылды бағдаршамның сынақ режимінде іске қосылатынын мәлімдеді. Алайда құқық қорғау органдары «ғажайып техникадан» үлкен үміт күтіп отыр.

"Камералар жолдан өтіп бара жатқан адамдарды ІІМ-нің базасымен салыстырып, онлайн режимде кім екенін анақтайды. Тізіме алимент төлемейтін әкелерден бастап, іздеуде жүрген барлық қылмыскерлерге дейін бар", – деп түсіндірді Өскемен қалалық полиция департаментінің жол-техникалық инспекция бөлімінің басшысы Сергей Коваленко.

Бағдаршам тұрғындар көп жүретін орталық алаңға арнайы орнатылған. Сондай-ақ, жақын жерде полиция бөлімшесі де бар.

Ал ақылды техника қылмыскерді анықтаған кезде тәртіп сақшыларына дереу белгі жетеді екен.

"Әзірге бағдаршам құқық бұзушы азаматтарды анықтамады, алайда бұл уақыт еншісінде. Біздің өңір үшін бұл үлкен жаңалық. Себебі облыстағы басқа аймақтарда осы уақтқа дейін мұндай бағдаршам орнатылмаған", – дейді Коваленко.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel