RU
Каскадер Қасым Жұмағожиннің Хэллоуинде қайтыс болғаны расталды (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Каскадер Қасым Жұмағожиннің Хэллоуинде қайтыс болғаны расталды (видео)

Рассказать Вконтакте

Әріптестері атақты каскадер Қасым Жұмағожиннің Хэллоуин мерекесінде қайтыс болғанын растады. Цирк әртісі Алматы клубтарының бірінде өз қызметін атқарып жатқанда көз жұмған. Бұл туралы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: nomadstunts.com, Видеодан скриншот/ instagram.com/zhest_kz

Фото: nomadstunts.com, Видеодан скриншот/ instagram.com/zhest_kz

Қазақстандық цирк әртісі Қасым Жұмағожиннің көз жұмғанын Nomad Stunts кәсіби каскадерлар тобының PR менеджері Евгения Ли растады.

Маман каскадердің 3 қазан күні расымен де Алматы клубтарының бірінде өнер көрсеткенін айтты.

Жұмағожин үш метр биіктікте ілініп тұрған өлі адамның кейпін көрсетуі қажет болыпты. Бұл трюкті орындау үшін әртіс каскадерлар қойылымға пайдаланатын арнайы жилет киген.

Шоу басталар алдында Қасым Жұмағожин мен оның командасы құрылғыны тексерген екен. Ол барлығы дұрыс екенін, ілініп тұрғанда өзін ыңғайлы сезінгенін айтыпты.

Алайда кеш басталғаннан кейін біраз уақыттан соң каскадер өзін нашар сезіне бастаған. Мұны байқаған серіктесі бірден Жұмағожинді биіктіктен түсіруді сұрапты.

Дәл осы сәтті қонақтардың бірі видеоға түсіріп алған. Ол уақытта әртіс есін біліп тұрса да, өзін әлсіз сезінген екен.

Жоғарыдан түсірілген соң Жұмағожинді сыртқа шығарған.

Бірақ алғашқы көмек көрсетіліп, жедел жәрдем шақырылғанымен цирк әртісін аман алып қалу мүмкін болмапты.

Каскадердің туыстары қазір медицина қызметкерлерінен сараптама нәтижесін алды. Онда Қасымның инфаркттан қайтыс болғаны көрсетілген екен.

Nomad Stunts командасының қоғаммен байланыс маманы 34 жаста көз жұмған каскадердің туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтты.

Айта кетейік, Қасым Жұмағожин екінші буындағы кәсіби каскадер және цирк әртісі болған еді.

Ол көптеген отандық және голливудтық фильмдерде ойнаған.

Каскадер 3 қазан күні өмірімен қош айтысты.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
4
27
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel