RU
Луина көпшілікке өзінің зәулім үйін көрсетті (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Луина көпшілікке өзінің зәулім үйін көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Лиуна көпшілікке өзінің бірнеше бөлмесі бар зәулім үйін көрсетті деп жазады NUR.KZ.

Әншінің жиналмалы жиһаздары мен асханасы жұрттың қызығушылығын туғызған.

"Үйіңіз керемет екен", "Өз еңбегімен жеткен ғой", "Жарайсыз", "Жиналмалы жиһаздарды қайдан алдыңыз", "Бізге де осындай үйді нәсіп етсін", "Үйіңіздің іші бақ-берекеге толсын" , -деп ақ тілегін білдірді оқырмандар.

Сондай-ақ, желі қолданушылары арасында әншіні сынап тастағандар да табылды.

"Үй расымен өзіңдікі ме?", "Осы әншілердің жағдайы бар екенін білеміз. Бірақ соны мақтанышпен көрсетпесе болмайды ма?", "Күшік ұстап алғаны несі, қолына?", "Үйіңіздің іші тым қараңғы екен", "Осылай мақтанғанша жетім-жесірге көмектеспейді ма?", - деді Луинаны сынаушы топ.

Айта кетейік, ел алдында жүретін әншінің өмірін көпшілік жиі талқылайды.

Біраз уақыт бұрын әнші кеудесін арнайы отамен үлкейтіп, жұрттың назарына ілікті.

Осыдан кейін омырауын ашық-шашық образдарымен жиі көрсете бастаған Луина ақыры оқырмандарынан сөз етіп тынған болатын.

Сонымен қатар, әншінің бірнеше күн бұрынғы жартылай жалаңаш келбеті де жұрттың қызу талқысына түскен еді.

Естеріңізге сала кетейік, Луинаның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
2
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel