RU
Алматыда көпірден ұшып кеткен көлік өзенге құлап, аударылып түсті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда көпірден ұшып кеткен көлік өзенге құлап, аударылып түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда Сәтпаев көшесінде жол апаты болып, ішінде жолаушылары бар Toyota Camry 50 көлігі Есентай өзеніне құлап кетті деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматыда көпірден ұшып кеткен көлік өзенге құлап, аударылып түсті

Фото оқиға орнынан: Спутник Қазақстан

Куәгерлердің сөзінше, Toyota Camry 10 мен Toyota Camry 50 автокөліктері шығыс бағытта Сәтпаев көшесімен кетіп бара жатқан.

Алматыда көпірден ұшып кеткен көлік өзенге құлап, аударылып түсті (фото)

Фото: Спутник Қазақстан

Кенеттен Toyota Camry 50 алдындағы Toyota Camry 10 көлігіне соқтығып қалыпты.

Одан кейін көлігін оңға бұрып, бордюрге шығып кеткен жүргізуші металл қоршауды бұзып, өзенге құлап түскен.

Алматыда көпірден ұшып кеткен көлік өзенге құлап, аударылып түсті (фото)

Фото оқиға орнынан: Спутник Қазақстан

Шамамен 7-10 метр биіктіктен құлаған темір тұлпар көпірдің астында аударылып қалған.

Жол-көлік апаты нәтижесінде Toyota Camry 50 көлігіндегі төрт адам ауыр жарақат алыпты. Олардың үшеуі ес-түссіз күйінде ауруханаға жеткізілген.

Қазір оқиға орнында полицейлер анық-қанығын тексеру үстінде.

Сіздің реакцияңыз
0
0
2
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel