RU

Еркебұлан Дайыровтың айдай сұлу келіншегі көпті тәнті етті (фото)

Отандық театр және кино актері Еркебұлан Дайыров көпшілікке өзінің жұбайын көрсетті деп жазады NUR.KZ.

Кәусар есімді қызының анасына деген махаббатын "ағылшынша" жеткізген әртіс Instagram парақшасына ерекше сурет жариялаған.

Әуезов театрында бірге қызмет ететін жарасымды жұп желі қолданушыларының сүйіспеншілігіне бөленді.

"Менің келіншегім. Менің махаббатым", - деп жазған Еркебұлан Дайыров.

"Керемет", "Жұптарыңыз жазылмасын", "Бақытты болыңыздар", "Жарасымды жұпсыздар", "Осылай келіншегіңізді көпшілікке көрсетіп тұрсаңызшы", "Жұбайыңыз әдемі екен", "Алла сіздерге бақ берсін", - деп пікір білдірген актердің оқырмандары.

Айта кетейік, Еркебұлан Дайыров пен Ләйлә Тілеуованың үш жасар қызы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761709-erkeblan-dajyrovty-ajdaj-slu-kelinsegi-kpti-tnti-etti-foto.html