RU

Алматыдағы Көк базарда қазақша сөйлеген Аршавин қызу талқыға түсті (видео)

Алматыдағы "Көк базардан" жылқы етінің бағасын сұраған Андрей Аршавин жұртты күлкіге қарық қылды. "Қайрат" футбол клубында өнер көрсететін спортшының бұл видеосын ресейлік блогер Евгений Савин өз Instagram парақшасында жариялаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: sovsport.ru
Фото: sovsport.ru: UGC

Видеода Савиннің Аршавинмен бірге жылқы етін сатып алу үшін Алматыдағы "Көк базарға" келгені көрсетілген.

Қазақ тілінде сауда жасағысы келген блогер сатушылардан "жылқының еті қанша тұрады?" деп сұраудың орнына "Желты етры колча?",-дейді. Артынша бұл сөздерді футболшы да қайталайды.

"Қайрат" футбол клубы ойыншысының Алматыдағы ең ірі базарында жүрген видеосы қазірдің өзінде 35 мыңнан аса қаралым жинаған.

"Күтіп жүрсіздер ме? Ертең менің "КраСава" блогымның ең мықты санын күтіңіздер! Аршавин қазақ базарында!",- деп жазған орыс тілінде Савин.

Айта кетерлігі, Алматыға екі апта бұрын келген Евгений "Қайрат" футбол клубының бас директоры Әлішер Әпсәлямовтан есімі жазылған жейде алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761715-almatydagy-kk-bazarda-kazaksa-sjlegen-arsavin-kyzu-talkyga-tsti-video.html