Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арман Сқабылұлы "түк көрмеген" танымал әншілерді сынап тастады

Опубликовано:

Танымал журналист Арман Сқабылұлы қылықтары шектен шыққан шоу-бизнес өкілдеріне өзінің қарсылығын ашық түрде жеткізді. Ол қазақ эстрадасындағы сорақы жайттарға тоқтау қойылмайтынына күйінген деп жазады "Астана" телеарнасындағы "Ел аузында" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Арман Сқабылұлы, Төреғали, Ерке, Жолдыбаева. Фото:alashainasy.kz, baq.kz,juldyz.kz, әншінің Instagram парақшасынан
Арман Сқабылұлы, Төреғали, Ерке, Жолдыбаева. Фото:alashainasy.kz, baq.kz,juldyz.kz, әншінің Instagram парақшасынан: UGC

Арман Сқабылұлы өнер әлеміндегі "жұлдыздардың" қате басқан қадамын аяусыз сынға алды.

"Төреғалидің ісі бір ғана мысал емес. Төреғалидікі жұртқа жария болғасын ғана осылай талқыға түсті. Мен сол уақытта желідегі парақшама "Төрештер" деп жаздым. Ол дегенім, эстарададағы бетімен кеткен жұлдыздар", - деп әңгімесін бастаған журналист осы уақытқа дейінгі халық әртістерінің неге мұндай қадамға бармағанын ашып айтты.

"Неге біздің үлкен жұлдыздарымыз Роза Рымбаева мен Нұрғали Нүсіпжанов, Мақпал Жүнісова олай жасамайды? Неге олар ашық мүшелерін көрсетіп, бейнебаян түсірмейді? Неге Кәмшат сияқты екі жігітпен сүйіспейді? Неге Төреғали секілді ұшақта шу шығармайды? Немесе неге сахнада тыңдармандарын балағаттамайды.

Себебін айтайын, қазір біздің эстрададаның былығы шықты. Кім көрінген ойына келгенін жасайды. Тыйым жоқ! Осыған бір тоқтам жасайтын дүние керек.

Біздікілер түк көрмеген адамдар болады ғой, байығанда не істерін білмей қалатын. Олардың ісі осыған ұқсас. Төреғалидің де, Еркенің де, өзгелердің де хайпы жиіркенішті.

Ал олар өздерін "танымал болып жатырмыз" деп ойлап жүр", - деді Арман Сқабылұлы.

Айта кетейік, осыған дейін Кәмшат Жолдыбаева екі жігітпен қатар сүйіскен клип түсірген болатын. Алайда әншінің бұл әрекетін өнердегі әпкесі Мақпал Жүнісова сынап тастады.

Төреғали Төреәлі де біресе сахнада тұрып тыңдарманын балағаттап, біресе ұшақ бортына рұқсатсыз кіріп шу шығарды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін Арман Сқабылұлының Ерке Есмаханның бағдарлама жүргізушілерін балағаттағанын сынаған болатын.

Сондай-ақ, ел есінде даулы оқиғаларымен есте қалған жұлдыздар жайлы топтаманы да ел назарына ұсынғанбыз.

Қазақ эстрадасындағы әншілердің әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1761720-arman-skabylly-tk-krmegen-tanymal-nsilerdi-synap-tastady/

pixel