Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Халатпен суретке түскен Ернар Айдар жұртқа жақпай қалды (фото)

Опубликовано:

Әріптестері секілді фильм түсіретінін айтып, елді шулатқан Ернар Айдар тағы да көпшілікті ашуландырып алды деп жазады NUR.KZ.

Әнші Instagram парақшасына өзінің қонақ үй халатымен түскен суретін салып қойған.

Ернар Айдардың бұл суреті желі қолданушыларының наразылығын тудырды.

Үнемі өзінің тәрбиесі мен әдептілігін көрсетіп жүретін әншіні желі қолданушылары сөгіп тастаған.

"Мынауың ұят енді", "Соңғы уақытта не боларыңды білмей жүрсің ғой", "Жұлдыз" ауруына шалдыққаннан саусың ба?".

"Осылар жатқан-тұрғанын көрсете береді, әйтеуір", "Әдептен жұрдай болыпсың ғой", "Мына суретті өшіріп тастағаның дұрыс".

"Ұйықтап жатып та, көзілдірік киесіңдер ме?", "Осылай оқымағандарыңды көрсетіп қоясыңдар ғой енді", - деп ашуға бой алдырған Ернардың оқырмандары.

Айта кетейік, Осыған дейін Ернар Айдар өзінің фильм түсіргісі келетінін айтқан еді.

Артынша әнші өзін жер-көкке сыйғызбай мақтап, оқырмандарынан сөз етіп тынған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Ернар Айдардың әндерін MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1761724-halatpen-suretke-tsken-ernar-ajdar-zrtka-zakpaj-kaldy-foto/

pixel