RU
Азамат Сатыбалды ата-анасының гауһар тойын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Азамат Сатыбалды ата-анасының гауһар тойын дүркіретіп атап өтті (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Азамат Сатыбалды әкесі мен анасының гауһар тойын Құлан кентінде дүркіретіп атап өтті. Сатыбалды қария мен Орынгүл әжейдің шаңырақ көтергеніне 65 жыл болған деп хабарлайды NUR.KZ.

Азамат Сатыбалды. Фото: Актердің желідегі парақшасы, Асхат Мамыровтың парақшасынан алынды

Азамат Сатыбалды. Фото: Актердің желідегі парақшасы, Асхат Мамыровтың парақшасынан алынды

Актердің өзі бұл қуанышы жайлы желідегі парақшасына ешқандай мәлімет жарияламаған.

Алайда Азамат Сатыбалдының қуанышына жиналған көпшілік бұл сәтті қалт жібермей, видеоға түсіріп алған.

Актердің анасы көпшілікке "Тойбастар" таратқан сәті де желіге тарап кетті.

Айта кетейік, актер көпбалалы отбасының кенжесі болып, дүниеге келген. Азамат - Сатыбалды қарияның тоғызыншы перзенті.

Сондай-ақ актердің жары да өнер әлемінен алыс емес. Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалинаның бүгінде бір ұлы бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
0
1
0
59
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel