RU

ШҚО-да түрмеден қашып шықпақ болған азамат ұсталып қалды

Тұтқындағы азамат бас қолбасшы резервіндегі "Шығыс" ұлттық гвардиясының 6699 әскери бөлімшесі күзетіндегі максималды қауіпсіздік аймағының тыйым салынған бөлігіне кіріп, қашып кетпекші болған деп жазады NUR.KZ.

tyumentimes.ru
Көрнекі фото:tyumentimes.ru: UGC

Бас қолбасшы резервіндегі "Шығыс" ұлттық гвардиясы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға өткен демалыстарда Шығыс Қазақстанның қылмыстық атқару жүйесінің түзету мекемесінде орын алған.

Күзетші Асхат Медет ішкі тыйым салынған аймаққа өтіп кеткен тұтқынды байқап қалыпты.

Ол ескертулер мен тоқтау талаптарына мойынсұнбай қоршауға қарай жүгіре берген.

Ұлттық гвардияның қатардағы жауынгері ескерту ретінде аспанға оқ атып, дабыл батырмасын басқан. Сол кезде кері бағытта жүгіре кеткен тұтқынды негізгі қоршау жанында өзге жауынгерлер құрықтапты.

Қазіргі таңда қашқын изоляторда отыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761744-sko-da-trmeden-kasyp-sykpak-bolgan-azamat-stalyp-kaldy.html