RU
Головкиннің жеке өмірі мен рингке оралу уақыты жайлы жаңа деректер шықты
Жаңалықтар Спорт

Головкиннің жеке өмірі мен рингке оралу уақыты жайлы жаңа деректер шықты

Рассказать Вконтакте

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлер боксшының жеке өмірі мен келесі жекпе-жегіне қатысты тың ақпаратпен бөлісті деп жазады sports.kz cайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

"Біз Головкин үшін ең үздік қарсыластарды қарастырып жатырмыз. Ол Қазақстаннан енді ғана қайтып келді. GGG отанында өз отбасымен уақыт өткізіп, демалып қайтты.
Қайталап айтудан шаршамаймын, ол - ұлттық чемпион. Головкиннің барша отандастары оның чемпион боларына кәміл сенімді. GGG танымалдылығы қазіргі таңда шарықтап кетті. Жакүйерлер оның рингке оралуын асыға күтуде" , - деді Том Леффлер.

Айта кетейік, өзінің соңғы жекпе-жегін Головкин Сауль Альвареске қарсы өткізген болатын. Отандасымыз төрешілер шешімімен мексикалық қарсыласынан мансабында алғаш рет жеңіліс тапқан еді.

GGG промоутері боксшының британиялық Каллум Смитпен жұдырықтасуы әбден мүмкін екенін айтқан еді. Геннадийдің рингке оралуы келер жылдың көктеміне жоспарланып отыр.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
2
1
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel