RU
Қасым Жұмағожиннің әріптестері марқұмға жантебірентерлік видео арнады
Жаңалықтар Қоғам

Қасым Жұмағожиннің әріптестері марқұмға жантебірентерлік видео арнады

Рассказать Вконтакте

Қазақстандық каскадерлер қайғылы жағдайда көз жұмған әріптестері Қасым Жұмағожинге арнап, желіге жантебірентерлік видео жүктеді. Түнгі клубта хеллоуин мерекесі кезінде қайтыс болған азаматқа арналған бейнежазба көпшіліктің жүрегін елжіретті деп жазады NUR.KZ.

Кадр видеодан алынды

Кадр видеодан алынды

Nomad Stunts тобындағылар Қасым Жұмағожиннің кәсіби трюктарды жасап жатқан сәттерінен видео үзінді жасап шығарған.

"Кося сен дәл осы қалпында есімізде қалатын боласың. Сен мәңгі біздің жүрегіміздесің" , - деген жазба қалдырған каскадерлар бейнежазбаның астына.

Оған қоса, марқұмның әріптесі Бауыржан Әбішев өзінің Instagram парақшасына жазба қалдырып, оны есіне алды.

"Бүгін таңертең Қасым досымның қазасы жөніндегі хабар мені дүр сілкіндірді. Сене алар емеспін. Біз балалық шақтан бері таныспыз. Цирктегі жұмысымызды бірге бастаған болатынбыз. Киноға да алғашқы қадамды бірге жасадық. Шетелге де алғаш рет бірге шықтық. Екеуміздің көрмегеніміз жоқ.
Ал бүгін сенің енді жоқ екеніне сене алмай отырмын. Отбасыңа, барша туыстарыңа қайғырып көңіл айтамын. Жатқан жерің жайлы болсын бауырым! Жаның жәннатта болсын" , - деп жазды ол.

Еліміздің танымал каскадерларының бірі Жайдарбек Күнғожинов те қайғылы жағдайға қатысты өзінің әлеуметтік желісінде жазды.

"Шебер каскадер, жақын бауырымыз Қасым Жұмағожиннің қайтыс болғанына сене алар емеспін. Бүгін біз оның өліміне қатысты шығарылған маманның қорытындысын алдық.
Қасым инфаркттан көз жұмған.
Маған әрбір сөзді жазудың өзі қиынға соғуда. Қасым менімен бірге Nomad Stunts-тың құрылуынан бастап болды. Әлеуметтік желіде шындыққа көз жеткізбей, көпшіліктің оның асулы күйде тұрғаны жөніндегі жазбалары жүрегімді одан бетер ауыртады. Оның бәрі жалған.
Қасым нағыз кәсіби каскадер болды. Сол себепті, оны әрдайым тәжірибесі мол әріптестері бақылап отырды. Ол туралы өткен шақта жазып жатқаныма да сенер емеспін. Кося сен мәңгі бізбенсің! Иманды болсын" , - деді Күнғожинов.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым Жұмағожиннің хеллоуин мерекесі кезінде қайтыс болғаны хабарланған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel