RU

Қасым Жұмағожин қаза болған клуб әкімшілігі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді

Танымал каскадер Қасым Жұмағожин қайтыс болған түнгі клуб әкімшілігі қайғылы жағдай қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Zakon.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Қасым Жұмағожин. Фото: nomadstunts.com және видеодан скриншот
Қасым Жұмағожин. Фото: nomadstunts.com және видеодан скриншот: UGC

Мекеме басшылығының мәлімдеуінше, Қасым Жұмағожин мумия кейпін сомдауға тиіс болған. Қойылым барысында серіктестері үнемі оның жағдайын қадағалап отырған. Ал Жұмағожин жағдайының жақсы екенін ымдап жеткізген.

"Оған мекеменің сыртында алғашқы көмек көрсетіле бастағанда, біз іске араласа бастадық. Мұндай жағдай болғаны өте өкінішті. Бұл жағдай кез келген жерде, кез келген адаммен, кез келген уақытта болуы мүмкін. Мұндай өлімнен ешкім сақтандырылмаған. Мұның ұйымдастырылған шараға, трюкке еш қатысы жоқ. Бұл қайғылы, жазатайым оқиға", - деп мәлімдеді клуб әкімшілігі.

Сонымен қатар, басшылық әлеуметтік желілерді бақылап отырғанын айтып, ел тұрғындарын тексерілмеген ақпаратқа сенбеуге, ресми хабарламаларды күтуге шақырды.

Еске сала кетейік, күні кеше голливудтық фильмдерде ойнаған қазақстандық актердің қайтыс болғаны хабарланған еді. Кейін каскадердің хеллоуин мерекесі кезінде өз жұмысын атқарып жүріп, көз жұмғаны расталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761799-kasym-zmagozin-kaza-bolgan-klub-kimsiligi-kajgyly-okigaga-katysty-pikir-bildirdi.html