RU

Қасым Жұмағожиннің өліміне қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр

Хеллоуин мерекесінде Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде өнер көрсетіп жүріп, мерт болған каскадер Қасым Жұмағожиннің өліміне қатысты полиция департаменті пікір білдірді. Бұл туралы ведомсвтоның баспасөз бөліміне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Коллаж: NUR.KZ
Коллаж: NUR.KZ: UGC

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, 34 жастағы каскадердің өлім оқиғасын Медеу аудандық полицейлері тексеріп жатыр.

Азамат үшінші қараша күні "ТСБ" түнгі клубында қаза тапқан.

Қазір жүргізіліп жатқан сараптама нәтижесі оның өліміне нақты не себеп болғанын анықтап бермек.

Сондай-ақ қауіпті трюк көрсететін актердің қазасына қатысты жан-жақты тексеру басталған.

Еске салсақ, қазақстандық каскадердің қазасы туралы қаралы хабар кеше тараған. Кейінірек Жұмағожиннің Хеллоуин мерекесінде өнер көрсетіп жүріп мерт болғаны расталды.

Актер қаза болған клуб әкімшілігі қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761815-kasym-zmagozinni-limine-katysty-tergeu-zmystary-zrip-zatyr.html