RU
Астанада хэллоуинді тойламақ болған бойжеткеннің үстіне баннер құлап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Астанада хэллоуинді тойламақ болған бойжеткеннің үстіне баннер құлап кетті

Рассказать Вконтакте

Астанада хэллоуин мерекесін тойламақ болған 17 жастағы арудың үстіне баннер құлап кеткен. Оқыс оқиғадан соң жас қыз жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото:studyspanish.ru

Фото:studyspanish.ru

Елена Астанадағы колледждің студенті болып шықты.

Шара ұйымдастырушылары оқыс оқиғаның қалай болғанын айтып берді.

"Лена косплей (костюм киіп ойналатын ойын) мүшелерінің бірі болған. Баннер соңына дейін бекітілмеген. Салдарынан конструкция жұмсақ бөлігімен құлап түскен. Қасында тұрған жігіт оны ұстап үлгеріпті. Оқиға би кеші басталмай тұрып, күндіз сағат екі шамасында орын алды. Содан кейін біз жедел жәрдем шақырдық", - дейді шара ұйымдастырушысы.

Ал Астананың денсаулық сақтау басқармасы 17 жастағы қыздың балалар ауруханасына жеткізіліп, арнайы тексерістен өткенін мәлім етті. Кейін ол дискотекаға қайта оралған.

Еске сала кетейік, голливудтық фильмдерде ойнаған қазақстандық актердің қайтыс болғаны хабарланған болатын. Кейін каскадердің хэллоуин мерекесі кезінде өз жұмысын атқарып жүріп, көз жұмғаны расталды.

Ал бүгін актер қаза болған клуб әкімшілігі қайғылы жағдайға қатысты пікір білдіріп, оқиғаның қалай болғанын баяндаған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
1
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel