RU
Қасым Жұмағожиннің әйелі прокуратураға арызданатанын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Қасым Жұмағожиннің әйелі прокуратураға арызданатанын айтты

Рассказать Вконтакте

Каскадер Қасым Жұмағожиннің әйелі Альбина прокуратураға арызданатынын жеткізді. Бұл туралы Today.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: facebook/kassym.zhumaguzhin

Фото: facebook/kassym.zhumaguzhin

Альбина Жұмағожинаның айтуынша, каскадердің түнгі клубтағы соңғы өнер көрсетуінде түсірілген видео әлеуметтік желіде тарап, жұрттың қызу талқысына түскен. Көпшілік оның өліміне шоу ұйымдастырушыларын кінәласа, кейбірі ол өзіне қол жұмсады дегенді айтуда.

Сараптама нәтижесімен азаматтың ажалы жүрек талмасынан болғаны ресми түрде хабарланғанымен, желіде жалған ақпарат таратушылар легі тыйылмай тұр дейді әйел.

"Қасымның өлімі туралы қауесет сөздерді тоқтату үшін біз құқық қорғау органдарына шағымдануға мәжбүр болып тұрмыз. Барлық заңбұзушылықтар анықталып, кінәлілер жауапқа тартылады", - дейді Альбина.

Еске сала кетейік, голливудтық фильмдерде ойнаған қазақстандық актердің қайтыс болғаны хабарланған еді. Кейін каскадердің хеллоуин мерекесі кезінде өз жұмысын атқарып жүріп, көз жұмғаны расталды.

Ал бүгін актер өлім құшқан клуб әкімшілігі мен полиция департаменті қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдіріп, тергеу жұмыстарының жүріп жатқанын айтқан болатын.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
2
0
0
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel