RU

Алматыда "Аманат" тұрғын үй кешені пайдалануға берілді

Алматы қаласында BI Group осымен төртінші тұрғын үй кешенін тұрғызды, бұл Бостандық ауданында орналасқан «Аманат» amanat.bi-group.org тұрғын үй кешені. Енді пәтер кілтін алған 417 отбасы жаңа жылды жаңа пәтерлерінде қарсы алуды ойластыруда.

«Аманат» жаңа пәтер иелерін қарсы алуға дайын

Алматы үшін бұл жергілікті басқа үйлерге ұқсамайтын ерекше үй, неге десеңіз үйдің ашық түсті еуропалық қасбеті, холлдардың сапалы әрленуі, авторлық ландшафтық дизайны және жеке қызмет көрсету қызметі, балалар үшін көптеген ойын-сауықтары бар қауіпсіз жарқын ауласы, өртке қарсы жүйесі бар.

«Аманат» жаңа пәтер иелерін қарсы алуға дайын

Жоба жетекшісі Александр Московкин:

"Кешен 12 қабатты үйлерден тұрады, онда барлығы 417 пәтер. Тұрғындардың қауіпсіздігіне аса мән бердік, сондықтан бейнебақылау кешеннің барлық аумағында орнатылды және тәулік бойы жұмыс істейді. Үй ауласы автокөліктер үшін жабық, ал барлық кіреберістерінде орнатылған өрт дабылы жұмыс істеп тұр. Фиброцементтік панельдер үйге ұзақ қызмет етеді, ал биіктігі 2,7 м төбелер пәтерлерге тамаша дизайнерлік шешімдер жасауға мүмкіндік береді".

«Аманат» жаңа пәтер иелерін қарсы алуға дайын

Жұмағалиев Еділ мен Айсұлу, жаңа пәтер иелері:

"Бүгін біз жаңа пәтеріміздің кілтін алдық, бізге бәрі ұнады, біз дәл BI Group-ты таңдағанымызға қуаныштымыз! Жоба командасына үлкен рахмет! Жаңа үйіміз бақытқа толы болсын, компанияға жетістік, көршілерімізге береке тілейміз!"

BI Development Almaty дивизионының директоры Айдос Мукатаев жаңа пәтер иелерін құттықтады:

"Жоспарлағандай, біз «Аманат» amanat.bi-group.org тұрғын үй кешенін мерзімінен бұрын, яғни 2 ай бұрын тапсырдық. Рас, одан да ерте тапсырар едік, бірақ бұл құрылыс сапасына әсер етер еді. Өте керемет. Клиенттер риза, біз үшін ең бастысы - осы!"

«Аманат» жаңа пәтер иелерін қарсы алуға дайын

Бұл үйдің тағы бір артықшылығы, оның орналасқан жері, қаланың жоғарғы бөлігіндегі Каблуков және Байқадамов көшелерінің қиылысында орналасуы - «Аманат» amanat.bi-group.org тұрғындарына Алатау және Үлкен Алматы тауларын күн сайын тамашалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тағы бір ерекшелігі, үйге MEGA ойын-сауық және сауда орталығының, Тұңғыш Президент саябағы, Спорт және медициналық орталықтарының жақын орналасуы.

«Аманат» жаңа пәтер иелерін қарсы алуға дайын

Соңғы жылдары BI Group Қазақстанның ірі мегаполисінде тұрғын үй жобаларын белсенді іске асырып келеді және бүгінгі күні осы нарықта көшбасшы болып отыр. Қазіргі уақытта компания Алматыда 8 тұрғын үй кешенінің құрылысын жүргізуде, олар: Art Residence, Hyde Park, Central Avenue, Bereket, Atameken, Gulder, «Асыл Тау» және «Жаңа Жетісу».

*PR құқында

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761827-almatyda-amanat-trgyn-j-keseni-pajdalanuga-berildi.html