RU
Қарағанды облысында такси жүргізушісі тоғыз күннен бері табылмай жатыр (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қарағанды облысында такси жүргізушісі тоғыз күннен бері табылмай жатыр (фото)

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында жолаушыларды Шахтинск қаласынан Қарағандыда жеткізіп тастаған такси жүргізушісі із-түзсіз жоғалып кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Такси қызметінің өкілдерінен

Фото: Такси қызметінің өкілдерінен

Тоғыз күн бұрын жекеменшік такси фирмасының қызметкері Алексей Хорошилов "Фольксваген Джетта" көлігімен бір топ ер азаматтарды алып кеткен. Содан бері ер адамнан хабар жоқ.

Шахтинск қаласындағы такси фирмасының директоры Сергейдің айтуынша, ол Алексейді қазан айының ортасында жұмысқа алған екен.

"Мен оған көлігімді жалға бердім.Ол әрдайым клиенттермен сыпайы сөйлесетін. Дәл 26 қазан күні Алексей клиенттерді Шахтинсктен Қарағандыға алып кетті. Келесі күні біз оған хабарластық. Ол көлігінің бұзылып қалғанын, жөндеу жұмыстарын жүргізген соң жұмысқа шығатынын мәлімдеді. Осыдан кейін оның ұялы телефоны өшіп қалды", - дейді Сергей.

Такси жүргізушісі жолаушыларды басқа қалаға жеткізу туралы сұранысты диспетчер кезекшілігінде алған.

"Диспетчерден Алексейдің рациясына ешқандай сұраныс келіп түспеген. Ол тапсырысты өзі тауып алған", - деді фирма директоры.

Қазір полиция такси жүргізушісін іздестіріп жатыр. Автокөлік пен ер азамат туралы барлық ақпарат жол-патрульдік полициясына берілді.

Тәртіп сақшылары 1981 жылы туған Алексей Хорошилов туралы кез келген ақпарат білген жағдайда 102 нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды. "Фольксвген Джетта" автокөлігінің нөмірі- 964ОХА09, оның капоты күрең қызыл түсті.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel