RU
АҚШ-та үйленген жас жұбайлар тойдан кейін бірге көз жұмды
Жаңалықтар Әлемде

АҚШ-та үйленген жас жұбайлар тойдан кейін бірге көз жұмды

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Техас штатында Bell 206B тікұшағы апатқа ұшырап, ішіндегі жас жұбайлар қаза болды деп жазады РИА Новости сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

12newsnow.com

Фото:12newsnow.com

Әуе апаты сенбіден жексенбі күнге қараған түні болған. Күйеу бала мен қалыңдық отбасылық ранчода үйлену тойларын өткізеді.

Үйлену салтанаты аяқталған соң бір жарым сағаттан кейін жас жұбайлар тікұшаққа мініп ұшып кетеді.

Алайда олардың қуанышы ұзаққа созылмай жұбайлар мінген тікұшақ Ювальде қаласының солтүстік-батысында апатқа ұшырайды. Тікұшақ ішінде ерлі-зайыптылардан бөлек ұшқыш болған. Олардың бәрі көз жұмған.

Жергілікті өрт сөндіру қызметі апат орнына 10 өрт сөндіру көлігін жіберген. Қазіргі таңда оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel