RU
Түркістан облысында жол апатынан бес адам қаза тапты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Түркістан облысында жол апатынан бес адам қаза тапты

Рассказать Вконтакте

Шардара-Абай тас жолында 5 қарашаға қараған түні жантүршігерлік жол апаты болып, бес адам қаза тапты. Бұл туралыТүркістан облыстық полиция депратаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: onliner.by

Көрнекі фото: onliner.by

Алдын ала болжам бойынша, Шардара ауданындағы жол апатында "МАЗ" жүк көлігінің алдынан жылқы жүгіріп шыққан.

Салдарынан жүргізуші жануарды қағып, қатты соққыдан өзі қарсы жолаққа шығып кеткен. Онда жүк көлігі "Лексуспен" бетпе-бет келіп соқтығысады.

Жеңіл көлікте болған бес адам оқиға орнында көз жұмған. Онда көлік жүргізушісінің алматылық, жолаушылардың бірі Шардара ауданынан, үшеуі Өзбекстан азаматтары екені анықталды.

Сонымен қатар "Лексуста" отырған, тағы бір жолаушы ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы жағдайға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

"МАЗ" рөлінде болған жүргізуші Қызылорда облысының тұрғыны екен. Полицейлер оны қамауға алып, енді жылқының егесін іздеуге кіріскен.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel