RU
Қытайлықтарды "қыли көз" деп атаған тележүргізуші жұмысынан қуылды
Жаңалықтар Әлемде

Қытайлықтарды "қыли көз" деп атаған тележүргізуші жұмысынан қуылды

Рассказать Вконтакте

Австралиялық тележүргізуші Росс Кэмерон тікелей эфир кезінде нәсілшілдік танытқаны үшін жұмысынан қуылды. Outsiders бағдарламасын жүргізген азамат қытайлықтарды "қыли көзді" деп атап, басы бәлеге қалған деп жазады lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Robert Barwick / YouTube

Фото: Robert Barwick / YouTube

Оқиға 30 қазан күні Sky News арнасында шыққан бағдарламада болған. Росс Кэмерон Шанхайдағы туристерді талқылау барысында қытайлықтарға қатысты жағымсыз пікір білдірген.

"Шанхайдағы Диснейлендке таңертең ерте тұрып барсаңыз да, сіз таңғы уақыттың өзінде 20 мыңнан астам қара шашты, қыли көзді қытайлыққа тап боласыз. Олар бәрібір паркке сізден бұрын барып алады" , - дейді ол.

Тележүргізушінің дәл осы сөздері желіде шу тудырып, нәтижесінде Кэмерон жұмысынан кетуге мәжбүр болған. Оқиғадан кейін Sky News арнасының атқарушы директоры Пол Уиттакер нәсілшілдік танытқан журналист үшін ел алдына кешірім сұрап, тклкжүргізушімен келісімшарт тоқтатылғанын жеткізді.

Кейін ел алдында дұрыс сөйлемегенін мойындаған Росс Кэмеронның өзі де халықтан кешірім сұрады..

"Мен үлкен қателікке бой алдырдым. Мен ешкімді ренжіткім келмеген. Алайда, сөздерім кімде-кімнің көңіліне қаяу түсірсе, кешірім сұраймын" , - дейді ол.
Сіздің реакцияңыз
2
1
1
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel