Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Германияда Қазақстан азаматшасы сот отырысынан кейін қызын қайтарып алды

Опубликовано:

Германияда тұратын Қазақстан азаматшасы ана құқығына қайта ие болды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: storyfox.ru
Көрнекі фото: storyfox.ru: UGC

Оқушы қызға анасының физикалық күш қолданғанын мектепте біліп қояды. Осыдан кейін шетелде сот отырысы өтіп, әйелді ана құқығынан айырған. Ал жасөспірім қызды балалар үйіне өткізіпті. Себебі балаға күш көрсетуге неміс заңнамасы бойынша қатаң түрде тыйым салынған.

"Қазір қыз анасымен бірге, оны үйіне жіберген. Елші арқылы әйелдің қорғаушысымен үлкен жұмыстар жүргізілді", - дейді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Елшінің араласуымен сот отырысы қайта өткізіліп, онда оқушы қыз, анасы және қорғаушы сөз сөйлеген. Олар сот төрешісіне істің қалай болғанын түсіндіріп беріпті.

"Неміс басшылығы келісімге келіп, қызды үйіне қайтарды", - дейді Смадияров.

Сыртқы істер министрлігі енді шетелдік соттың Қазақстан азаматшасы мен оның қызын қайта мазалмайтынын жеткізді. Елші олармен үнемі байланыс орнатып отыратынын айтты. Орын алған оқиға бар болғаны тұрмыстық түйткілдер дейді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1761869-germaniada-kazakstan-azamatsasy-sot-otyrysynan-kejin-kyzyn-kajtaryp-aldy/

pixel