Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қол-аяғы байлаулы күйі қылмыскерді құрықтаған полицей елді тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Қытайдың Хэйнань процинциясындағы Лохэ округында полицей қол-аяғы байланған кейіп танытып, тұтқын әйелді құтқарды. Бұл туралы lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот: UGC

Видеодан тұтқын әйелдің тамағына пышақ таяған ер адамның оны өлтіретінін айтып, жақындамауды талап еткенін көруге болады.

Келіссөздер барысында полицейлердің біреуі - арнайы жасақ капитаны Ванг Пэй қылмыскерді тұтқын әйелмен орын алмастыруға көндірген. Кейін күдікті азамат рұқсат беру үшін ол әріптестерінен қол-аяғын байлауды өтінеді.

Қылмыскердің жанына жақындаған Ванг бауды босатып, оған бас салған. Полицейлер әріптесінің қасына жүгіріп барып, қылмыскердің қаруын тартып алады.

Операция кезінде полиция қызметкері жарақаттанған, ал тұтқын әйел жапа шекпеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1761873-kol-aagy-bajlauly-kji-kylmyskerdi-kryktagan-policej-eldi-tnti-etti-video/

pixel