RU
Өмірінде жеңіліп көрмеген боксшы нокаут алып, көз жұмды
Жаңалықтар Спорт

Өмірінде жеңіліп көрмеген боксшы нокаут алып, көз жұмды

Рассказать Вконтакте

Таиландтың Рангистан қаласында өткен WBC тұжырымы бойынша Азияның күміс чемпионын анықтайтын жекпе-жек қайғылы жағдаймен аяқталды. Италиялық боксшы Кристиан Дагио нокаут алып, бірнеше күннен кейін ауруханада көз жұмған деп хабарлайды vesti.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Кристиан Дагио. Фото kombatgroup.com

Кристиан Дагио. Фото kombatgroup.comды

Жекпе-жек 6 қазан күні өткен. Дагио тайлық Дон Паруеангпен жұдырықтасып, 12-раунда ұпай саны бойынша басымдық танытқан. Алайда соңғы минуттарда 49 жастағы боксшы бірнеше ауыр соққы алып, жерге құлайды.

Төреші бірден жедел жәрдемді шақырғанымен, спортшы есінен танып қалыпты. Дагионы ауруханаға жеткізіп, ол бірнеше күн комада жатады. Алайда миына келген зақымнан боксшы көзін аша алмай мерт болды.

Айта кетейік, осыған дейін Дагио тай боксында 189, ал ММА аясында бес жекпе-жек өткізген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
1
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel