RU
Сенат депутаты ұлттық қорға ауыз салған шенеуніктерді сынға алды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сенат депутаты ұлттық қорға ауыз салған шенеуніктерді сынға алды

Рассказать Вконтакте

Үкімет Жолдауды жүзеге асыру мақсатында қазынадан тағы 450 миллиард теңге бөлмекші. Ұлттық қордың қаржысына жауап беретін министрлердің бұл әрекетін депутаттар жақтырмай қалған сыңайлы. Осы орайда сенатор Мұрат Бақтиярұлы қордан ақша алғалы жатқан шенеуніктерді сынға алды деп хабарлайды КТК арнасы.

сенатор

Сенатор Мұрат Бақтиярұлы. Фото: parlam.kz

"Ұлттық қордан қаржы алуға келетін болсақ, былтыр біз 2019 жылға 2,3 триллион бөлінеді дедік, ал биыл 150 миллиардқа көбейттік. 2020 жылға 2 трлн деп белгіледік, биыл тағы 300 миллиардқа көбейтіп отырмыз. Бұл неге байланысты? Шығын көбейді ме? Біз жылдан жылға Ұлттық қордан кепілдендірілген соманы аламыз деп айттық емес пе?", - деді Мұрат Бақтиярұлы.

Министрлердің айтуынша, қордан алынатын қосымша қаржы кәсіпкерлікке қолдау көрсетуге, өнеркәсіп саласын дамытуға, мемлекеттік қызметкерлердің еңбекақысын көтеруге жұмсалады екен.

Елбасының Жолдаудағы тапсырмаларын орындау үшін 1 трлн 800 миллиард теңге керек көрінеді. Сол себепті, Ұлттық қордың шығыны биыл 150, ал 2020 жылы 300 миллиард теңгеге артқан. 

"Біз, керісінше, жыл сайын қазынадан ақша алуды азайтып келеміз. Мысалы, 2018 жылы 2,6 трлн теңге,  2019 жылы 2 трлн 450 млрд теңге, 2020 жылы 2,3 трлн теңге,  2021 жылы 2 трлн алынады. Ал үш жылда Ұлттық қорға кіріс 3 триллион теңге болады деп отырмыз", - дейді Ұлттық экономика вице-министрі Руслан Дәленов.

Дереккөз: КТК арнасы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
5
0
0
0
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel