RU
Алматыда бес айлық нәрестені арбаға салып, далаға тастап кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда бес айлық нәрестені арбаға салып, далаға тастап кеткен

Рассказать Вконтакте

Алматыда тасжүрек ана күннің салқынында бес айық сәбиін далаға тастап кеткен. Қоларбадағы нәрестені көшеде өтіп бара жатқан тұрғындар тауып алыпты. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

аррарар

Көрнекі фото: okeydoc.ru

Қатты тоңып, өкпесіне суық тиген бүлдіршін ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Содан бері бір ай өтсе де, оны анасы да, басқа туыстары да іздеп келмепті.

Балалар жұқпалы ауруханасының дәрігерлері пневмонияға шалдыққан сәбидің далада ұзақ уақыт жатып қалғанын айтады.

Ақ халаттылар күні бүгінге дейін оның өмірі үшін күрескен. Қазір қыз баланың жағдайы біраз жақсарып қалыпты.

Дәрігерлердің сөзінше, анасы нәрестені тіркемепті, сол себепті жаңа туған сәбидің құжаттары жоқ екен. Ал оны тастап кеткен әйел туралы ешқандай ақпарат табылмаған.

Қазір полицейлер бүлдіршіннің анасын іздеу жұмыстарымен айналысуда. Егер ата-анасы табылмаса, бес айлық сәби балалар үйіне өткізіледі.

Дереккөз: КТК арнасы

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
9
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel