RU
Ресейдегі сұлулық байқауында жеңіске жеткен ару қазақ екенін мақтан тұтатынын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Ресейдегі сұлулық байқауында жеңіске жеткен ару қазақ екенін мақтан тұтатынын айтты

Рассказать Вконтакте

Ресейдегі Miss Fashion Russia сұлулық байқауында жеңімпаз атанған қазақ қызы өзінің тегіне қатысты жиі қойлатын сұрақтарға жауап берді. Жанна Есенжолова өзінің қазақ екенін мақтан тұтатынын айтқан деп жазады NUR.KZ.

"Бұл пост менің менің сүйікті және қымбаттым қазақстандықтарыма арналады. Менің тегім Есенжолова. Бұл маған әкемнен берілген. Кішкентай күнімнен бастап маған менің ұлтым туралы сұрақ көп қойылатын. Қатарластарым мені орыс емес екенімді айтаса, кейде қытайлық деп түрлі ұлт өкіліне теңеп жататын. Ерекше келбетіме қара, қай ұлттан екенімді сұрап жатқандарға мен мақтанышпен қазақпын деп айтатынмын. Себебі менің анам мен әкем, әжем, әпкем, ағам сәби күнімнен өз ұлтыммен мақтануды үйретті. Мен қазақ қызымын және өз ұлтымды мақтан тұтамын. Мен ресейлікпін және өз мемлекетіммен мақтанам. Негізінде менің екі отаным бар. Ол Қазақстан мен Ресей", - деген бойжеткен барлық жандарға бақыт пен махаббат тіледі.

Еске сала кетейік, Жанна Есенжолова Ресейдегі Miss Fashion Russia сұлулық байқауында "Миссис 2018" санаты бойынша жеңімпаз атанған еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
11
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel