RU

ШҚО-да жоғалып кеткен таксистің денесі Зайсаннан табылды

Шығыс Қазақстан облысында "Апару" такси қызметінде жұмыс істеген Алтай Қалиев 30 қазан күні із-түзсіз жоғалып кеткен еді. Күні кеше 54 жастағы азаматтың денесі Зайсан ауданындағы Айнабұлақ ауылынан табылған деп хабарлайды Алтайньюске сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Алтайньюс
Фото: Алтайньюс: UGC

Ер адам 30 қазан күні 891 нөмірлі, ақ түсті "Hyundai Accent" көлігімен жұмысқа шығып, қайта оралмаған. Ал азаматтың жоғалғаны туралы ақпарат полицияға 31 қазан күні келіп түсіпті.

Марқұмның туыстары Алтайды белгісіз біреулер азаптап өлтіргенін айтады. Қазіргі уақытта бұл іске күдікті ретінде 23 жастағы азамат ұсталған екен. Алайда Қалиевтің жақындары мұндай ауыр қылмысты тек бір адам жасауы мүмкін емес деп отыр.

Аталған оқиғаға байланысты Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті әлі ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761922-sko-da-zogalyp-ketken-taksisti-denesi-zajsannan-tabyldy.html