RU
Мұз астына түсіп кеткен баланы құтқарған көкшетаулық жастарға облыс әкімі риза болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Мұз астына түсіп кеткен баланы құтқарған көкшетаулық жастарға облыс әкімі риза болды

Рассказать Вконтакте

Көкшетау қаласында мұздың астына түсіп кеткен тоғыз жасар Даниил есімді баланы құтқарып қалған Жомарт Мардышев пен Темірлан Шәріпбаевке облыс әкімі алғысын білдірді. Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

видеодан скриншот

Фото:видеодан скриншот

Көкшетау қаласында 9 жастағы Даниил Ертушов Қылшақты өзенінің үстімен жүріп өтпек болған. Алайда әлі қатып үлгермеген мұз опырылып, жеткіншек судың астына түсіп кетеді. Суға белшесінен бастқан ол мұздай судың астында тоңып, тұншыға бастаған.

Абырой болғанда оны өтіп бара жатқан адамдар байқаған. Іштеріндегі ең қайсар екі жігіт ойланбастан суға секіріп, Даниилды мұз құрсауынан алып шыққан.

9 жасар баланы өлімнен арашалап қалған қаһармандар 25 жастағы Жомарт Мардышев пен 17 жастағы студент Темірлан Шәріпбаев екен. Батыр жігіттердің ерліктерін ескеруісз қалдырмаған облыс әкімі азаматтарды қабылдап, алғысын білдірген.

"Мен оқудан қайтып келе жатқанмын. Кенет өзен жақтан дауыстар естідім. Жақындап қарасам, өзеннің ортасында бала мұздың астына түсіп, батып барады екен. Айнадала оннан аса адам жиналып, не істерлерін білмей қарап тұр. Мен бірден көмекке жүгірдім. Менің бар мақсатым баланы құтқару еді. Сол сәтте көмекке Жомарт та келіп жетті", - дейді Темірлан.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel