RU
Алматыда ашылған тегін асхана жұртты қуантты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда ашылған тегін асхана жұртты қуантты (видео)

Рассказать Вконтакте

Оңтүстік астанада үш мезгіл ақысыз тамақ тарататын "Уақып" атты тегін асхана ашылды деп хабарлайды muftyat.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

muftyat.kz

Фото: muftyat.kz

Салтанатты ашылым өткен сенбі күні, үшінші қарашада өткен.

Қоғамдық тамақтану орны дүйсенбіден жұма аралығында таңғы сағат 9.00-ден 10.00-ге дейін, түскі сағат 13.00-ден 14.00 дейін, кешкі сағат 17.00-ден 18.00-ге дейін ашық болады.

Тегін ас жалғыз басты аналарға, жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі, тұрмысы нашар жандарға беріледі. Асхана 100-120 адамға арналған.

Асханадан тамақтануды қалаған адамдар орталық мешіт аясында ұйымдастырылған "Ихлас" қайырымдылық қауымдастығы тарататын талондарды алып, сол арқылы тегін астан іше алады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
3
23
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel