RU
Танымал журналист GGG -"Канело" арасындағы үшінші кездесудің өтетінін айтты
Жаңалықтар Спорт

Танымал журналист GGG -"Канело" арасындағы үшінші кездесудің өтетінін айтты

Рассказать Вконтакте

Танымал мексикалық журналист Фернандо Шварц Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасындағы үшінші кездесудің өтетінін айтты. Бұл туралы sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: sports.kz

Фото: sports.kz

"GGG мен "Канело" арасындағы үшінші кездесу шындыққа айналады. Әзірге толығырақ айтылған жоқ", - деп жазды Шварц twitter желісінде.

Айта кетейік, Фернандо Шварц беделді авторлардың бірі болып саналады. Оның Twitter желісінде 659 мың оқырман бақылап отырады.

Күні кеше Головкиннің промоутері Том Леффлер боксшыға қатысты жаңалықтармен бөлісіп, отандасымыздың келер жылдың көктемінде рингке оралатынын айтқан еді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel