RU
Аршавин "Қайратпен" қоштасқан соң қай клубта ойнағысы келетінін мәлімдеді
Жаңалықтар Спорт

Аршавин "Қайратпен" қоштасқан соң қай клубта ойнағысы келетінін мәлімдеді

Рассказать Вконтакте

Ресейлік футболшы Андрей Аршавин алматылық "Қайраттан" кеткеннен кейін Санк-Петербургтық "Зенит" клубына оралғысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

fckairat.com

Фото:fckairat.com

YouTube видеохостингіндегі "Красава" бағдарламасының жүргізушісі Евгений Савинге берген сұқбатында Андрей Аршавин "Зенит" футбол клубында аз жұмыс істеп, көп ақша табатын жұмыс істегісі келетінін айтты.

Футболшы "Газпром" жария акционерлік қоғамының төрағасы Алексей Миллердің орнына отыруға қарсы емес екенін айтып қалжындады. Дегенмен, әзірге Санк-Петербург футбол клубына баратынына ешқандай алғышарттар жасалмағанын атап өтті.

Андрей Аршавин "Зенит" футбол клубы үшін 2000 мен 2008, 2012 мен 2015 жылдар аралығында өнер көрсеткен болатын.

Еске сала кетейік, кеше ресейлік футболшының алматылық "Қайрат" сапынан кететіні мәлім болған.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel