RU
Маңғыстау облыстық әкімдігі Серік Аманғалиевтің қайда екенін білмейтін болып шықты
Жаңалықтар Саясат және экономика

Маңғыстау облыстық әкімдігі Серік Аманғалиевтің қайда екенін білмейтін болып шықты

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Серік Аманғалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат Ербол Еділовтің Telegram парақшасында жарияланды. Ал облыс әкімдігі қазір шенеуніктің қайда екенін білмейтін болып шықты деп хабарлайды "Лада" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: inaktau.kz/ lada.kz

Фото: inaktau.kz/ lada.kz

Жергілікті басылымның анықтауы бойынша мемлекеттік қызметкер жұмыс орнына келмеген. Ал әкімдіктегілер шенеуніктің қайда екенінен бейхабар екен.

Редакция сұранысына жазбаша жауап берген мекеме қазіргі уақытта Серік Аманғалиевтің қайда екенін білмейтінін жеткізген.

Айта кетейік, біраз уақыт бұрын Ақтау әуежайында Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Серік Аманғалиевты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері ұстағаны туралы ақпарат таралған еді.

Ал шолушы Ербол Еділов дереккөздерге сүйеніп, бұл жағдайдың үшінші қараша күні орын алғанын айтқан.

Алайда Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарласқан NUR.KZ тілшісі бұл сұраққа қатысты ешқандай жауап ала алмады. Мекеме бұл ақпаратты растаған да, теріске шығарған да жоқ.

Серік Аманғалиев Маңғыстау облсы әкімінің орынбасары қызметіне 2017 жылдың 4 желтоқсан күні тағайындалған.

Фото: Скриншот/ telegram

Фото: Скриншот/ telegram

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
8
0
2
0
4
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel