RU
"Иманым әлсіреген": Құрманай Бақтиярқызы намазды тастап кеткенін ашық айтты (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Иманым әлсіреген": Құрманай Бақтиярқызы намазды тастап кеткенін ашық айтты (фото)

Рассказать Вконтакте

Талай хит әндердің сөзін жазған танымал қазақ ақыны Құрманай Бақтиярқызы өзінің намазды тастап кеткенін мәлім етті деп жазады NUR.KZ.

Ақын соңғы уақытта мешітке бас сұқпай кеткенін де жасырмаған.

"Иә, менің иманым əлсіреген. Бірнеше рет ота жасаған дəрігерлерімді желеулетіп жүргенде, намаз мені тастап кетті. Біраздан бері құран кітапты да қолыма алмадым. Мешітке бармағаныма да бір айдың жүзі болды", - деп ағынан жарылған ақын өзінің жария етпей жасаған жақсылықтарын көпшілікке айтып берді.

"Есесіне жариялай бермейтін, көп тірлік бітірдім. Бәрін айтпай, бірнеше мысал келтірейін. Əкемнің құрметі үшін, туған інісінің ұлына той жасап бердім. Ата-анама он күнге демалыс жолдамасын сыйладым. Сондай-ақ бірнеше досыма арнау арнап, жақын сіңілдерімді мейрамханадан тамақтандырдым. Інімнің балаларын киіндірдім. Осылайша қаншама адамды бақытқа бөледім. Әр жақсылығым мен жылы сөздерім - менің құлшылығым", - деді Құрманай Бақтиярқызы.

Айта кетейік, осыған дейін Құрманай Бақтиярқызы өзінен 12 жас кіші сүйіктісін көрсеткен болатын.

Сондай-ақ "Ойбай Life" бағдарламасына келген ақын өзінің ел білмейтін құпияларын мәлім еткен еді.

Бағдарлама барысында үшінші күйеуінен ажырасқан Бақтиярқызы алты айлық баласын жерлегенін айтып, көз жасына ерік берді.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
17
2
0
6
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel