RU
Қазақстандағы ең алып актер келін түсірді (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қазақстандағы ең алып актер келін түсірді (фото)

Рассказать Вконтакте

Еліміздегі ең алып актер Дәулет Әбдіғапаров келін түсіріп, ұлын ұяға қондырды деп жазады NUR.KZ.

НТК арнасындағы "Ревю" бағдарламасының мәліметінше, актер Рамазан есімді тұңғышын үйлендірген. Алматыдағы мейрамханалардың біріне 300 адам шақырып, дүркіретіп той жасаған Әбдіғапаровтың қуанышына отандық кино өкілдері мен ресейлік әріптестері шақырылған.

"Ұлыма кеш үйлендің деп ашуланамын. "Ертерек үйленсең, мен де ертерек ата болатын едім" деймін. Енді келініміз "Атам жақсы болғанымен, енем қиындау екен" дейтін шығар. Өйткені, мен келінімді қорғаштап жүретін боламын", - деп әзілдеді актер.

Айта кетейік, Дәулет Әбдіғапаровтың шаңырақ көтерген ұлы Рамазан 24 жаста. Ол банк саласында жұмыс істейді. Болашақта әкесінің жолын қуып, актер болмақ ойы да бар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
1
0
22
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel