RU

"Аузынан түсіп қалғандай": Головкин өзінен айнымайтын ұлын көрсетті (видео)

Желіде Геннадий Головкин мен ұлының бірге түскен видеосы таралды. Көпшілік балақайдың жұлдызды әкесінен айнымай қалғанын айтуда деп жазады sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: sports.kz
Фото: sports.kz: UGC

Олардың бірі Talksport.com сайтының журналисі Майкл Бенсон. Америкалық тілші Геннадий Головкин мен оның ұлы Вадимнің суретін көре сала өз таңданысын жасыра алмаған.

"Геннадий Головкиннің ұлы өзінен айынымай қалған. Тура аузынан түсіп қалғандай" , - дейді Бенсон.

Айта кетейік, қазір боксшы демалыста, отбасынын қасында. Ол жаттығу залына келер жылдың басында орлауға ниетті. Оның келесі жекпе-жегі көктемде өтеді деп күтілуде.

Айта кетейік, GGG 15 қыркүйек күні мансабындағы алғашқы жеңілісіне тап болды. Ол мексикалық Сауль Альварестен төрешілер шешімімен жеңіліп қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1761944-auzynan-tsip-kalgandaj-golovkin-zinen-ajnymajtyn-lyn-krsetti-video.html