RU
Қазақстандық ару Miss USSR сұлулық байқауының ақтық сынына шықты (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Қазақстандық ару Miss USSR сұлулық байқауының ақтық сынына шықты (фото)

Рассказать Вконтакте

22 жастағы қазақстандық актриса Диора Романова дауыс беру нәтижесінде "Miss USSR Monaco 2018" сұлулық байқауының ақтық сынына жолдама алды. Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің ең әдемі бойжеткенін Еуропаның оңтүстігінде 8 қараша күні анықтайтын болады деп хабарлайды NUR.KZ.

Диора Романова. Фото: instagram.com/diora_romanova, missussr.co.uk

Диора Романова. Фото: instagram.com/diora_romanova, missussr.co.uk

Ұйымдастырушылар мәліметіне сүйенсек, осы жылы жобаға қатысуға мыдаған ару ниет білдірген.

Ғаламтор арқылы жүргізілген дауыс беру мен сарапшылар пікірін ескере келе ең сұлу ару тәжі үшін 12 бойжеткен ақтық сында бағын сынайтын болады.

Диора Романова. Фото: missussr.co.uk

Диора Романова. Фото: missussr.co.uk

Қазақстаннан қатысып жатқан жалғыз ару Диора Романова. Онымен қоса байқауда Ресей, Украина, Беларусь және Эстония елдерінің сұлулары да өздерін танытпақ.

Диора Романова. Фото: missussr.co.uk

Диора Романова. Фото: missussr.co.uk

Ең сұлу ару Монакода анықталатын болады.

"Бес жасымда анам маған "ханшайымсың" деп айтатын. Сондықтан Miss USSR Monaco байқауы ертегідегі тәжге қол жеткізуіме жақсы мүмкіндік", - дейді Диора.

Актриса көпшілікке отандық "Женатики" және "Каникулы в Таиланде" фильмдері арқылы танылған болатын.

Оған қоса Диора британдық Blue тобының әншісі Ли Райанмен кездесіп жүр деген ақпарат арудың танымалдылығын арттыра түсті. Ол туралы шетелдік БАҚ та жиі жазып жүрді. Тіпті екеуі атастырылған деген әңгіме желдей есіп кетті.

Модельдің өзі бұл жаңалық туралы өзі де айтып берген. Оның сөзінше, танымал әншімен тек достық қарым-қатынаста екен.

Аруларға дауыс бері үшін мына сілтемеге кіріңіз >>

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel