RU
19 жастағы Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшы атанды
Жаңалықтар Спорт

19 жастағы Мбаппе әлемдегі ең қымбат футболшы атанды

Рассказать Вконтакте

Пари-Сен-Жермен футбол клубы мен Франция құрамасының шабуылшысы 19 жастағы Килиан Мбаппе CIES Football Observatory компаниясының нұсқасы бойынша әлемдегі ең қымбат футболшы атанды. Бұл туралы lenta.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

the-flow.ru

Фото:the-flow.ru

Компания Мбаппені 216,5 миллион еуроға бағалаған. Екінші орынға 197,3 миллион тұратын Тоттенхэм ойыншысы ағылшындық Харри Кейн орналасыпты.

Үшінші орынға Мбаппемен бір командада ойнайтын бразилиялық Неймар жайғасқан. Оның құны 197 миллион екен. Ал Барселона шабуылшысы әйгілі Лионель Месси 170,6 миллионмен алтыншы орында қалған.

CIES Football Observatory сарапшылары футболшылардың құнын анықтаған кезде эксклюзивті алгоритмді пайдаланады екен. Ол жерде футболшының жасы, позициясы, клубтық және ұлттық дәрежедегі өнер көрсетулері (алаңға шығуы мен соғылған гол саны), клубтағы және құрамадағы жетістіктері, чемпионаттың дәрежесі сынды көрсеткіштердің барлығы ескеріледі екен.

Мбаппені Пари-Сен-Жермен 180 миллион еуроға сатып алған. Ол 2018 жылдың жазынан бастап тұрақты түрде команда құрамына енген. Шабуылшы Франция құрамасында жүріп әлем чемпионы және ең үздік жас ойыншы атанған.

Турнир кезінде тапқан 550 мың еуросын футболшы қайырымдылық қорларына берген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel